Алматы қаласының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің ресми сайтына қош келдіңіздер!  Сіздермен пікір алмасып, өзекті маселелерге ортақ жауап іздеуге мүмкіншілік бар деп есептеймін…

Ермекбаева Гульнара Омирбековна – Алматы қаласының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету  Департаментінің басшысы

Басшы блогы

ДсСсСрБсЖмСбЖс
Алматы

Құрметті ұстаздар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің08.04.2020 ж №135 бұйрығы незізінде білім басқармаларына,мектеп әкімшілігіне қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында педагогтерден есеп сұрау, жоспарланбаған мониторинг, тексерулер жүргізуге және есептілік ақпарат талап етуге тыйым салынады. Жоғарыда аталған мекемелер тарапынан талаптар бұзылған жағдайда Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне төмендегі байланыс телефондарына хабарласу сұралады: Департамент басшысы Ермекбаева Гульнара Омирбековна – 87011665266 Департамент басшының орынбасары Омарова Гульдана Турдахыновна – 87013764737


COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған. 2006 жылы – Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004–2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005–2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары — ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. 2012–2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін — Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған. 2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы қаңтарға дейін ҚР білім жəне ғылым вице-министрі қызметін атқарған. Министр лауазымына тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. 2003–2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған. http://www.edu.gov.kz/kz/ministerstvo/detail.php?ELEMENT_ID=1787






Жаңалықтар

Пікір сұрау

Мектептердегі білім беру қызметінің сапасы сіздерді қанағаттандырады ма?

Қорытынды

Loading ... Loading ...
Сұрақ-жауап
[contact_form_kz]
Поддержка сайта www.ernaz.info