Алматы қаласы Білім саласының бақылау департаменті, 16 қаңтар 2019 жылы Алматы қаласының Ы. Алтынсарин атындағы № 159 мектеп-гимназиясында «2019 жылдың 1-жартыжылдығында Алматы қаласы Білім саласындағы бақылау департаментінің білім беру жүйесіне баруына профилактикалық бақылау жүргізу»тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға қатысушылар: Алматы қаласы білім басқармасының  басшысы Ходжабергенова Гүлнар Махақызы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлеріАлимжанов Санат Сейлханұлы, Балғынбаев Саят Сергейұлы, Рамазан Бекбол2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында кәсіптік бақылауға жататын білім беру ұйымдарының басшылары (мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, колледж директорлары және қамқоршылық кеңестерінің төрағалары).

Семинардың мақсаты: Профилактикалық бақылау бойынша бақылау және қадағалау субъектiлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу және бақылау субъектісінің және мемлекеттік органның тарапынан тексеру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.

Өз сөзінде Департамент басшысы Г. Ермекбаева: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ)сәйкес «Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау және қадағалау осы Кодекске сәйкес бақылау және қадағалау органының нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жүзеге асыратын, олардың алдын алу және алдын алу мақсатында құқық бұзушылықтарды жасаудың себептері мен шарттарын жою үшін ұсынымдар ұсынуға бағытталған бақылау және қадағалау шарасы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлеріС.Алимжанов және Б. Рамазан сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаттарымен, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды айқындаудың, бұлтартпаудың,  құзыреттері шегінде жауаптылыққа тартылуы туралы таныстырып және аталған тақырып бойынша бейнеролик көрсетті.

Департамент қызметкерлері профилактикалық бақылау бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізіп, қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап берді.

Семинардың қортындысы негізінде профилактикалық бақылаужүргізу және өткізу барысында сыбайлас жемқорлыққа  жол бермеу бойынша келісімге қол қойылды.

 





Поддержка сайта www.ernaz.info