Жиынға Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев қатысты. Жиын барысында алдағы Ұлттық тестілеу сынағы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау сөз болды. Отырысты Алматы қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Гүлнар Өмірбекқызы жүргізіп. Аталмыш іс-шараны өткізу барысында ең алдымен мемлекеттік комиссия мүшелері, Ұлттық тестілеу орталығының жетекшілері, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері және мектеп басшылары ҰБТ тапсыру барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын ескеріп, мүлтіксіз орындауды  ескертті.

Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев өз сөзінде, Ұлттық тестілеу сынағы барысында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу керек екендігін қатаң ескертті.

Аудандық білім бөлімдерінің басшылары да ҰБТ-ға дайындық және оны өткізу барысы туралы ойларын ортаға салды. Жиын соңында Департамент басшысы Гүлнар Ермекбаева барлық қатысушыларға ҰБТ өткізу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы тлаптарын есте ұстап, оны қатаң түрде орындау керек екендігін айтты.

 

ПнВтСрЧтПтСбВс
Алматы
Поддержка сайта 2018-2021 © www.ernaz.kz