Бүгінгі таңда білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан маңызды жоба «Білімді ұлт «Сапалы білім беру» ұлттық жобасы болып табылады,  ал ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты-барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру болып табылады.

Білім беру сапасын қамтамасыз  етуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі  аумақтық департаменттері маңызды рөл атқарады.

Жүйенің басты міндеті бақылау үшін бақылау емес, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін шаралар қабылдау.

Департаменттің қалыптасу кезеңінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылау шараларын жүргізудің, оқу-тәрбие үрдісінің сапасына мониторинг және талдау жүргізудің, білім беру сапасын сырттай бағалау рәсімдерін ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі міндеттері  болды.

Барлық кезеңде елдегі білім беру жүйесінің дамуымен қатар аумақтық департаменттердің функциялары да кеңейе түсті. Департаменттің он жылдық қызмет ету кезеңінде  мемлекеттік бақылау шаралары ғана емес, білім беру сапасын қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарына әдістемелік және әдіснамалық қолдау көрсетуге бағытталған шараларды да қамтуда.

Мемлекеттік бақылау туралы айта отырып, мемлекеттік бақылау шаралары азаматтардың білім беру саласындағы құқықтарының мемлекеттік кепілдіктерін іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталғанын да атап өтуге болады.

Бақылау шараларын іске асыру  департаменттердің жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы арқылы білім беру саласының белгілі бағыттарының жай-күйін жақсартты және төмендегідей көрсеткіштермен көрсетілген мемлекеттік  бақылау шараларының тиімділігін көрсетті:

2012 жылдан бастап 2017 жылға  дейінгі кезеңде білім беру  мекемелері мемлекеттік  аттестаттаудан өткізілді;

білім беру ұйымдарының қызметін бақылау үшін бірыңғай қағидат қамтамасыз етілді;

оқу-тәрбие үрдісінің жай-күйіне  обьективті талдау жүргізілді.

Мемлекеттік бақылау шаралары  техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының желісін оңтайландыруға және бейіндеуге ықпал етті: 2012  жылмен салыстырғанда колледждер  желісі көбейді.

Білім беру сапасын қамтамасыз етуге оқу жетістіктерін сырттай бағалау,  білім алушылардың  білім жетістіктеріне мониторингті, білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру  мониторингін және ұлттық білім беру дерекқорын (ҰБДҚ)  ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шаралар  ықпал етеді.

Бақылау және мониторингтік іс-шаралардың нәтижелері туралы ұсынымдар әзірлей отырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органға, басқармаға, бөлімдерге және білім беру ұйымдарына хабарланып  отырылады.

Білім беру сапасын қамтамасыз етуде білім беру ұйымдарына білім беру  қызметінің мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету жөніндегі  шаралар ерекше өзектілікке ие. Білім басқармасына, бөлімдеріне және білім беру ұйымдарының басшыларына білім беру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша консультативтік, әдістемелік көмек көрсетіледі.

Қызметтің маңызды бағыттарының бірі Департаментпен көрсетілетін  мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. Департаменттің мемлекеттік қызметшілері ұйымдастырған түсіндіру жұмыстары, семинарлар мен консультациялар  қызмет алушылардың мемлекеттік қызметті ұсыну  тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді.

Департамент тарапынан өңірлік  коммуникациялар орталығында  16 брифинг, 8 тікелей эфир, «Департаменттің ашық есік күндері», конференциялар, семинарлар, кездесулер өткізілді.

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау  білім беру қызметін лицензиялау – «Заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар  және (немесе) лицензияға қосымшалар беру» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жүзеге асырылады. 2017 жылы Департаментке білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу тапсырылды. Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою шеңберінде Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолдануға арналған апостиль қойылатын  құжаттардың түпнұсқалығына және тиісінше ресімделуіне  кепілдіктер қамтамасыз етіледі. Осы кезеңде барлығы 13943  құжатқа апостиль қойылды.

Департамент Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқталғаны туралы хабарламаларды қабылдауды, білім беру ұйымын мектепке  дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар тізілімінен шығаруды, Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын  білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұруды жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында қалада 859 балабақша, оның ішінде 670 жекеменшік балабақша қызметін жүзеге асырады.

Білім беру жүйесінде қоғамдық бақылау тетіктері күшейтілуде, олардың бірі 2017 жылы білім беру ұйымдарында  қоғамдық бақылау институты ретінде Қамқоршылық кеңестертер құрылды. Департаменттерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қамқоршылық кеңестердің қызметін үйлестіру жөніндегі жаңа функциялар берілді. Департамент бақылаушы ретінде білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің отырыстарына қатысып отырады.

Сонымен қатар, Департаменттің және департамент басшысының әлеуметтік желілерде: Фейсбук, Инстаграм, Телеграм ресми аккаунттары құрылды.

Білім берудің мәселелерін өңірлік коммуникациялар алаңында департамент басшысы және балалардың құқықтарын қорғау жөнінде басшы орынбасары талқылайды.

Департамент басшысының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері  жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында, Nur Otan партиясының отырысында, Қазақстан  Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-конференциясында «Алматы қаласындағы білім беру жағдайы туралы» және білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы баяндамалар, кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру және қорғау азаматтарды жеке қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру шеңберінде әлеуметттік желілерде педагогикалық  қоғамдастықтың өтініштеріне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мәселен, ағымдағы кезеңде педагогтерге еңбекақы төлеу және әлеуметтік қорғау, олардың құқықтарын бұзу, аттестаттаудан өту, оқу жүктемесін бөлу, оқу-тәрбие процесі, бірінші сыныпқа, балабақшаға қабылдау, қашықтықтан оқыту, балалардың құқықтарын қорғау және т.б. мәселелер бойынша өтініштер түсіп, жауаптары қанағаттандырылды.

Педагогикалық әдепті сақтау және педагогтердің құқықтарын қорғау мониторингі бойынша функцияларды күшейту үшін, ҚР Президентінің «Халық үніне  құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Департамент жанынан Педагогикалық әдеп және Алматы қаласының педагогтерінің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі  консультативті-кеңесші орган құрылды. Кеңесші органның негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері: «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы нормаларының және педагогикалық әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету; педагогикалық әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуға және олардың профилактикасына бағытталған ұсынымдар әзірлеу; қоғамдағы педагог мәртебесін арттыруға және нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Департаментке балалардың құқықтарын қорғауды және қорғауды қамтамасыз ету мониторингі бойынша функциялар берілді. Берілген құзыреттерге сәйкес Департаментпен білім беру, тамақтандыруды, демалысты, сауықтыру және бос уақытты ұйымдастыру мәселелері бойынша  балалардың құқықтарын қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында, ұл (қыз) асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронатқа орналастыру, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша мониторингтер жүргізіледі.

Әлеуметтік желіде баланың құқығын бұзу туралы орналастырылған жариялымдар  және мәліметтерге мониторинг жүргізіліп, шұғыл арада тиісті көмек көрсетілуде. Сонымен қатар «Бала қорғау» чатына жарияланған сұрақтарға уақытында жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Депратаментте жұмыс және демалыс үшін  жағдай  жасауға көп көңіл бөлінеді,  бұл ретте негізгі міндет – қызметкерлердің жұмыс қабілеттілігі мен еңбек тиімділігін арттыру, олардың арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, ортақ мақсаттарға қол жеткіз уүшін ынтымақтастық, әдеп нормаларды ілгерлету, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру, оның қызметінің тиімділігін арттыру.

Департаменттің мемлекеттік қызметкерлері жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады, білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, сонымен қатар, өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Қызметкерлер өзін-өзі жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп, ақпараттық технологиялар мен медиа-ресурстардың жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жұмыс нәтижесін арттыруға бағыттаған.

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына  және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына толық сәйкестігін  қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поддержка сайта 2018-2021 © www.ernaz.kz