Бару арқылы профилактикалық бақылау

Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2021 жылы қаланың 58 мектепте профилактикалық бақылау жүргізді.

Бару арқылы профилактикалық бақылау барысында барлық -білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы заңнаманы бұзудың-78 фактісі анықталды, оның ішінде өрескел–8, елеулі-78 болмашы– 88.
Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын, білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және басқа да бұзушылықтар анықталды. Атап айтсақ, ҰБДҚ толтыру кезінде деректер бұрмаланған,  жұмыс оқу жоспарының үлгілік оқу жоспарына сәйкессіздігі,құжаттаманы жүргізу және ресімдеу кезінде талаптарды сақтамау анықталды, оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сақталмаған, үйде оқыту бұзушылықпен жүргізіледі,  тәлімгерлік бойынша жұмыс дұрыс ұйымдастырылмаған, материалдық-техникалық

базаның нашар жарақтандырылуы және т.б.
Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша барлық -тексеру субъектісіне бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.

Поддержка сайта 2018-2021 © www.ernaz.kz