«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығына сәйкес (2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 258 бұйрығына толықтырулармен өзгерістер енгізілген)

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min max

С-О-5         212 061 тг   260 615 тг

 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, индекс 050062, Алматы қаласы,  Жамбыл көшесі, 25, анықтама үшін телефон: 8(727) 225-18-80, 225-18-86, e-mail: almaty_dkso@mail.ru жалпы конкурс жариялайды:

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы  С-О-5 санаты, 1 бірлік

Қызметтік міндеттері: Жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру. Білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу.

Қаржыландыру мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық актілерді орындайды. Бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу. Өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну.

Бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін  іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға  қатысу. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен  сотқа жүгіну. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату.

Негізгі мәселелерді шешу бойынша Департамент басшыларының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.

Штаттық кесте бойынша осы лауазым «Б» функционалдық блогына жатады (грейд 5).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Құқық» (Құқықтану, Халықаралық құқық) мамандықтарының топтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен қосымшалардың және олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын;

2) және 3) тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түп нұсқалар мен салыстырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жекеқаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Кандидаттар мен әңгімелесу Алматы қаласының білім саласында сапаны  қамтамасыз ету департаментінің ғимаратында Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, № 53 кабинетінде өткізіледі) әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессіндек андидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілгіен www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

Поддержка сайта 2018-2021 © www.ernaz.kz