«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-O-4 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес;
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
C-O-4 241078 295611

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, город Алматы, ул Жамбыла 25, пошта мекенжайы: город Алматы, ул Жамбыла 25, анықтама телефоны: 2251877, факс: 2251880, e-mail: almaty_dkso@mail.ru «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:
Жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру;
Заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеуді жүргізу және ұйымдастыру;
«Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасы арқылы заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу;
Заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу;
Департаменттің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу, беруге дәлелді бас тарту бойынша бұйрықтарының жобасын дайындау;
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы сұранушылардың ақпараттандырылғанын қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдарға қажетті ақпарат ұсыну;
Хабарлама беру тәртібімен қызмет жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық заңнамасында қарастырылған тәртіппен тоқтата тұрады;
Мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын басқа сырлар сақталатын ақпараттан басқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық реестрін жүргізеді;
Рұқсатттар мен хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нұсқада хабарлама беру тәртібін жүзеге асырады;
Білім беру құжаттарын (түпнұсқасын) апостилдеу рәсімін жүзеге асыру;
Білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу;
Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізу;
Семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау;
Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау;
Негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
Құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.
Штаттық кесте бойынша осы лауазым «Б» функционалдық блогына жатады (грейд 6).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім», «Құқықтану», «Халықаралық құқық» мамандықтарының топтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын;
2) және 3) тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түп нұсқалар мен салыстырады.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекен-жайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекен-жайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Кандидаттармен әңгімелесу Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ғимаратында (Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, № 54 кабинетінде өткізіледі) әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілгіен www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

«____»_______________ 20__ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
_______________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /
Дата и место рождения

2. Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)

3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей

4. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения

5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

6. Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками

7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации

қабылданған /
приема босатылған /
увольнения

_____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата _______________
күні / дата
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

Поддержка сайта 2018-2021 © www.ernaz.kz